Мейлі, қандай салада қызмет етіп, қай ерлігімен көзге түссін, бәрібір ол кісілердің ақылы мен кеңесін тыңдап тұрған дұрыс.
Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» жаңа Заң жобасына қол қойды. Ел мен жерге деген адалдықты ту етіп, ар алдындағы асыл парызын орындаған, бірі түрлі майданнан аман қалып, бірі ерлікпен көз жұмған, енді бірі ерен еңбегімен елге пана болған ардагерлер осы Заң аясында қаралған барлық құрметке лайық. Тіпті, біз көрген бейбіт күнге жеткізген ата-бабаларымызды әрдайым тбемізге көтеріп жүрсек те болады.
Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Заңдағы жер, үй, көлік құралдарын пайдалану, денсаулығын түзеу салаларындағы мол жеңілдіктер кез келген адамға беріле бермейді. Ол үшін елеулі еңбек пен асқақ абыройдың болуы шартты құбылыс. Сондықтан да, біз, яғни бүгінгі күнің азаматтары және болашақ жастар ардагер деген ұғымның ұлылығын ұғып, ұлықтай білуіміз қажет. Мейлі, қандай салада қызмет етіп, қай ерлігімен көзге түссін, бәрібір ол кісілердің ақылы мен кеңесін тыңдап тұрған дұрыс. Ол бізге өмір бойы жететін рухани азық болатыны сөзсіз.
Осы орайда, ақтаңгер ардагерлеріміздің бағасына жетіп, танымды тереңдете білген ел басшысына да алғыс айтқым келеді. Өйткені ардагерлерді құрметтеу – азамат үшін ар алдындағы міндет.
Асқар ЕРКІНБЕКОВ,
“Nur Oran” партиясы Түркістан
облыстық филиалы партиялық
бақылау жөніндегі инспектор.