Мамыр. Мақтаарал. Күн ысып, ел қуанып, тіршілігін жасап, егін егіп, мал байлап – бір қалыпты мамыражай өмір еді. Апат айтып келмейді демекші, бір күнде бірнеше ауылдың мыңдаған тұрғыны үйсіз, күйсіз, өмір бойы тірнектеп жинаған тіршілігісіз қалды. 2020 жылғы мамыр айының 1-күні Өзбекстанның Сырдария облысы аумағындағы “Сардоба” су қоймасы бұзылып, Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданын топан су басып қалды.Бүкіл ел көмекке жұмылды. “Ауыл өнімі” республикалық әлеуметтік жобасының ұжымы да өз үлесін қосты. Жетісай ауданында орналасқан Тұрсынай Ана Мешiтiнде қайырымдылық қоймасы ашылды. Түркістан облысы бойынша “Ауыл өнімі” жобасының үйлестірушісі Ақбаян Жакиповаға Мақтааралдықтарға көмекті ұйымдастыру тапсырылды. 4-мамыр күні жинақ басталып, 7- мамырдан бастап “Ауыл өнімі” жобасының аясында “Біз Мақтаралдықтармен біргеміз” атты қайырымдылық керуені жұмысын бастады. “Ауыл өнімі” жобасының ұжымы және Қазақстан ауыл әйелдерінің 2019ж. форумының делегаттары көмекке жұмылды. Үш төрт күннің ішінде қайырымдылық керуеніне бір миллион төрт жүз мың теңге қаражат жиналды. Шымкент қаласында белсенді ұжымдасымыз Гаухар Бекбергенова өзі жинақ ұйымдастырып, киім кешек, көрпе төсек, азық түлік және гигиеналық заттар жиынтықтарын жеткізді. 7 мамыр күні Жетісай қаласының # 8жалпы орта мектебінде су басқан ауылдардан эвакуациаланған 500 адамға ауызашар берілді, Тұрсынай Ана Мешітінің бас имамы ауызашарда халыққа рух беретін ұағыз айтып, көпшіліктің көңілінен шықты. Сол мектепте жатқан сәбиі бар 50 отбасыға арнайы балалар тағамдары, ыдыстары, папмперстер, және гигиеналық заттар таратылды. Бір неше рет пайдалана алатын медициналық маскалар барлық тұрғындарға үлестірілді. 8- мамыр күні Мақтаарал ауданындағы Навои мектебіндегі тұрып жатқан су басқан Фирдауси ауылының 800 тұрғындарына 25 қап киім кешек, 50 дана аяқ киім, бір неше рет пайдалана алатын 800 медициналық маскалар және әйелдерге арналған гигиена заттарының 200 данасын тараттық. Сегізінші мамыр күні түстен кейін отбастарымен бірге туыстарының үйінде тұрып жатқан, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды тізім бойынша аралап, гигиеналық заттар, үлкен көлемдегі азық түлік корзиналар, киім кешек және көрпе төсек 10 отбасыға таратылды. Ораза айының соңына дейін “Ауыл өнімі” жобасының аясында “Біз Мақтаралдықтармен біргеміз” атты қайырымдылық керуені жұмысын жалғастырады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, жерлестерімізге сабыр мен жігер тілейміз, керуенімізді жолға қойған қайырымды жандарға зекеттеріңіз қабыл болсын дейміз! Осы игі іске мұрындық болып, жерлестерінің қиналғанын естей салып, өткен және алдағы іс шаралардың бас ұйымдастырушысы – Салтанат Рахимбекова ханымға, көмек қолын созған “Otbasy men jastardy qoldau qory“ корпоративтік қорына, оның басшысы Омар Ташенов мырзаға, ICA дің басшысы Сәпей Бейбарыссұлтан мырзаға, Түркістан облысының Отырар ауданына қарасты “Талапты” ауыл округының әкімі Динара Жипсыбаева ханымға, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Шарипова Фарида Амантуровна ханымға алғысымыз шексіз. Алдағы ұақытта керуеніміздің игі істері жалғасын табады. Мақтааралдықтар, #Бізбіргеміз!
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...