Түркістан облысында Ауғанстанға Солтүстік Қазақстаннан заңсыз жолмен алып тасымалдамақ болған кәсіпкер құрықталып, 2 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға «Сарыағаш стансасы» кеден бекетінде орын алған. Кеден қызметкерлері 26 вагонды тексергенде, оның әрқайсысынан 40 тоннадан астам заңсыз бидайды анықтаған. Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері шекара арқылы 73 миллион теңгенің бидайын заңсыз тасымалдамақ болған. Қазір аталған фактілер бойынша 11 әкімшілік іс қозғалды.Сот шешімімен 2 млн теңге айыппұл салынып, өндірілді.
Ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сарыағаш стансасы» кеден бекетінің қызметкерлері қазір тауарлар бойынша, әсіресе ЕАЭО кеден шекаралары арқылы бұл темір жолмен тасымалданатын тауарларға қатаң тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі