Еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – жайылым жер тапшылығы. Шаруалардың талап-тілегін ескерген «Nur Otan» партиясы республика бойынша жайылымдық жерге мониторинг жүргізіп жатыр. Орталық аппараты жанындағы Партиялық бақылау Комитетінің тапсырмасына және бекітілген жоспарына сәйкес қолға алынған бұл жұмыс арқылы «Қазақстан Республикасы жайылымдық жерлердің тиімді пайдалануына, осы бағыттағы жұмыстарда қолданыстағы заңдардың сақталуы туралы» мәселені зерделеу көзделген.
Осыған орай, Түркістан облысының аудандарында да жайылымдық аумақтар тексерілді. Соның бір-екеуіне тоқталсақ, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа-қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес Түлкібас ауданының жайылымдық аумақтарын мақсатты пайдалануына сараптама жұмыстарын жүргізді.
Түлкібас ауданының жалпы жер көлемі 227504 гектар болса, оның 57858 гектарын жайылым құрайды. Мониторинг арқылы ауданда мал бағуға арналған жайылым тапшы екені анықталды.
Төлеби ауданында да осындай жұмыс атқарылды. «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа-қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес арқылы жайылымдық аумақтардың мақсатты пайдаланылуына сараптама жасалды.
Ауданның жалпы жер көлемі 306380 гектарды құраса, оның 26056 гектары – жайылым. Зерделеу нәтижесінде Төлеби ауданында мал басына қажетті жайылымдық жер көлемі тапшы екені анықталып, тиісті мәліметтер алынды. Жайылымдық жерді мақсатты әрі заңға сәйкес пайдалану, тұрғындардың мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасау мәселелері партияның бақылауында болады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...