Әлеуметтік желілерде «Түркиядан жеткен 125 тыныс алу аппараты елорда әуежайының қоймасында жатыр» деген видеоматериал жарық көрді.
Анығында, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 02.30-да Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Түркиядан гуманитарлық жүк келді. Жүкті алушылар «СК-Фармация» ЖШС, «Айдын Нуры» қайырымдылық қоры, «Отандастар» қоры болып табылады.
12 тоннадан астам жүк дәрі-дәрмектерді, медициналық қорғаныс құралдарын және ИВЛ аппараттарын қамтиды.
Самолеттен жүкті түсіру ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 4.00 аяқталды. Кейін аталған жүк әуежай қоймасына орналастырылды.
Сағат 10.00-де тауар алушылардың өкілдері келгеннен кейін жеңілдетілген тәртіпте кедендік рәсімдеу жүргізілді. Барлық кедендік рәсімдер 10 минуттың ішінде жасалды. Сағат 11.00-лер шамасында жүк әуежайдан бірнеше партиямен әкетілді.
Бұл орайда Мемлекеттік кірістер комитеті сертификаттауға жататын тауарларды әкелу барысында кедендік ресімдеу үшін рұқсатнама құжаттарын ұсыну қажеттігін атап көрсетеді, себебі біздің азаматтардың өмірі мен денсаулығы медициналық препараттар мен бұйымдардың сапасына тікелей тәуелді, ал бұл ең маңызды. Сапасыз препараттар мен бұйымдарды қолдану, пандемия кезінде қосымша қауіп-қатер тудырады.
Мемлекеттік кірістер органдары тауарларды жедел кедендік ресімдеуге күш жұмылдырып отыр және қажетті құжаттар ұсынылған кезде, гуманитарлық көмек дереу шығарылатын болады.
Осыған байланысты барлық кеден бекеттері тәулік бойғы режимде жұмыс жасайды, онда қажетті құжаттарды ұсыну жөнінде кеңес беруге көмектеседі.
Кәсіпкерлік субъектілерін және қоғамдық бірлестіктерді қандай да бір түсінбеушіліктерді, толқуларды болдырмау мақсатында қажетті кеңес алу үшін алдын-ала жүгінуді сұраймыз.
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінің Контакт-орталығына 1414, 8-800-080-7777 байланыс телефондары бойынша жүгінуге болады.