Бүгін еліміздің барлық өңірінде «Nur Otan» партиясының праймеризі өтіп жатыр. Түркістан өңірінің жұртшылығы да бұл саяси додаға қызығушылық танытып отыр. Әсіресе, жастардың белсенділігі жоғары. Сол жалынды жастың бірі Кентау қаласының тұрғыны – Қанат Бекметов.
Қанат Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2008 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі.
«Қазір елдің қоғамдық белсенділігі артып келеді. Ашықтық және әділдік қана ел сенімін оятуы мүмкін. «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу туралы бастамасы өзіме ұнады. Жарияланған күннен бастап зерттеп, сараптап көрдім. Жастарға мүмкіндік мол екен. Сондықтан сырттан қарайламай, елдік мәселені нағыз саяси додада көтеруді жөн көрдім. Арнайы тіркеліп отырмын. Мақсатым – жастардың өзекті проблемаларын билікке жеткізу, елге оңтайлы шешімдер ұсыну. Барлық мәслихатта жастардың үні естілуі тиіс, – дейді Қанат Бекметов.
Түркістан облысындағы моноқалалардың бірі – Кентау қаласында праймеризге қызығушылық жоғары. Бұл елдің партия бастамасына деген оң көзқарасы екені даусыз. Шын көшбасшылар елдің сараптауы мен таңдауы нәтижесінде жарқырай көрінеді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі