Шымкент қаласы бойынша праймеризге қатысып жатқан үміткердің бірі –журналист әрі «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі Бағдат Үйсінбай бұл доданың белсенді және бастамашыл азаматтардың жеке жауапкершілігін арттыру үшін маңызды сайлау екенін айтады.
– «Nur Otan» партиясы ел тарихында алғаш рет партияішілік сайлауды праймериз ретінде, яғни жаңа форматта өткізгелі отыр. Бұл шешім қоғамның өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу, елдің дамуын талқылау үшін жасалуда. Жалпы мұны қолдаймын. Онда барлығы ашық, айқын өтеді және таңдау онлайн, оффлайн тәсілімен өткізіледі деп жатыр», – дейді ол. Үміткердің өзі әрдайым жастармен тығыз жұмыс істейтіндіктен келешекте негізінен жас өскіннің мәселесін көтеріп, ұсыныстар айтқысы келетінін жеткізді. «Жас, егде деп бөлмей халқыма қызмет етуге дайынмын. Жастар елдің болашағы, олардың жарқын өмір сүруі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауда. Алайда жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамту мәселесіне көп көңіл бөлу қажет деп ойлаймын. Осы тұста қарапайым ережелерді ұстана отырып, аталған мәселелерді оңай шешу жолдарын ойластыру керек. Мәселен, жұмыссыздықты шешу үшін орта білім алған жастарға тағы бір мүмкіндік қарастарып, олардың жоғары білім алуына жағдай жасау маңызды. Яғни, мемлекеттік гранттар бөлу қажет. Ал жоғары оқу орындарын бітірген жастардың білімін жетілдіру үшін шетелге жіберіп, тәжірибелерін арттырып, алған білімін ел игілігіне жұмсауға барынша жағдай жасау керек», – дейді үміткер Бағдат Үйсінбай. Сонымен бірге ол еліміздегі әлеуметтік жағдайға қатысты айтар ұсыныстары бар екенін жеткізді. «Халықтың арыз-шағымы мен ақ үмітін арқалап топқа түстім» – Алмас Айтмұқашев Праймериздегі байқаушыларға арналған нұсқаулық бекітілді Оқу жылының басталуына 11 күн қалғанда компьютерлік жабдықтардың жетіспеушілігі анықталды Ол халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жаңа туған әр балаға берілетін жөргекпұлдың мөлшерін 100 АЕК-ке көбейтуді, бала күтіміне берілетін көмекті 3 жылға дейін созуды, зейнетке шығу жасын төмендетуді қолдайды. Келешекте осынау жәйттерді мәселе етіп көтермек. Сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын арттыруды, елді мекендердегі инфрақұрылымды жақсартуды құптайды. Үміткердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында да өз айтар ойы бар. «Жемқорлықтың алдын алмайынша елдің дамуы тежеле береді. Оны құрту үшін адамға ең бастысы сапалы білім керек. Демек жастарды білімге, алға ұмтылуға, жаңаша инновациялық мәселелермен айналысуына көптеп көңіл бөлу қажет», – дейді ол.
Н. НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы