Түркістан облысында вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Толқысын шартарап» атты республикалық ән байқауының жеңімпаздары анықталды. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған өнер сайысына еліміздің әр өңірінен қатысқан 40-қа жуық үміткер қатысты.
Байқаудың бірінші кезеңінде белгілі сазгерлер мен сахна тілі мамандары үздік 10 қатысушыны іріктесе, екінші айналымда жүлдегер үштікті көрермендер дауыс беру арқылы анықтады. Мәселен, І орынды Аяулым Қойшыбай алса, ІІ орын «Қос-Тұра» дуэтіне бұйырды, ал Айдос Әлқуат ІІІ орынды қанағат тұтты. Байқау жеңімпаздарына арнайы алғыс табысталып, қаржылай сый-сияпат жасалды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қазақстан Ресрубликасының Халық әртісі Ш.Қалдаяковтың туған өлкесінде өтті. Салтанатты шараға орталық басшысы мен арнайы қонақтар қатысты. «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Амалбек Өміртай өз сөзінде композитордың шығармашылығына тоқталып, алдағы уақытта да сазгер мұрасы насихаттала беретінін атап өтті.
«Бұл өнер сайысының өзге жарыстардан ерекшелігі онлайн режимде өткізілгенінде. Карантиндік режимге байланысты байқауды осындай жолмен өткізуді жөн санадық. Мұндағы мақсат жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, сазгер Шәмші атамыздың мол мұрасын ел ішінде насихаттау болатын. Мақсат орындалды деген сенімдемін. Ұлыларымызды ұлықтауға арналған шаралар мұнымен шектелмейді», – деді А.Өміртай.
Айта кетейік, шара аясында сазгердің құрметіне ашылған «Шәмші үйіне» онлайн саяхат жасалды. Жақында ғана ашылған «Шәмші үйінің» ішіне өзі мен отбасына тиесілі жүзден аса дүние қойылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...