Түркістан жұртшылығы таңғы 8.00-ден бастап учаскелерге келіп, белсенділігін танытып жатыр. Олардың арасында сан түрлі саланың өкілдері бар. Дауыс беруге қатысатын 78262 партия мүшесінің 68183-і (87,1%) онлайн, 10079-ы (12,3%) қағаз бюллетенмен дауыс береді. Онлайн дауыс беру орындары 600-ге жуық компьютермен қамтамасыз етілді. Жалпы өңірде праймеризге деген қызығушылық өте жоғары. Дауыс беру орындарында карантин талаптары сақталған. Ұйымдастыру және санақ комитеттері жұмыс жүргізіп жатыр.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі