Тамаша талант иесі Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай Мемлекеттік қайраткер, жазушы Сауытбек Әбдірахмановтың «Абыз Әбіш» кітабы жарық көрген болатын.
Аталмыш кітаптың алғысөзін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазып, Әбіштің жазушылық қырына кеңінен толғанып, аудармашылығын және даналық қасиеттерін сөз еткен. Кітапқа Сауытбек Әбдірахманов жылдар бойы сақтаған Әбіш ағаның қолтаңбасы да енгізілген. Республикалық «Фолиант» баспасынан жарық көрген бұл кітапта қаламгердің әлемдік ауқымдағы асқан ойшылдығы жан-жақты танытылған, сан қырлы дарынының мәдениеттанушылық, өнертанушылық, саясаттанушылық, тарихшылық, әдебиеттанушылық сипаттары айқара ашылған.
Алаштың аймаңдай дара тұлғаларының біріне айналған Әбіш Кекілбаевтың ойшылдығын толғаған осынау кітапты жазған салиқалы қаламгер, майталман мәдениеттанушы Сауытбек Абдрахмановтың бұл туындысы қазақтың ақын-жазушылары мен әдебиеттанушылары тарапынан жоғары баға ие болуда. Бар болғаны 1000 дана таралыммен шығарылған кітап Әбіш әлемін кеңінен танып, өскелең ұрпақтың руханиятқа деген қызығушылығын оятары сөзсіз.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі