Мықты көшбасшыларды анықтайтын саяси доданың дауыс беру кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл – елімізде алғаш рет өткізіліп отырған партияішілік іріктеудің бірінші кезеңі ғана. Бір айдың көлемінде түрлі сындардан өттік. Дебаттарға қатысып, халықпен тікелей кездестім. Әлеуметтік желі арқылы да байланысып, бірталай елдімекендерді аралап, ауылдың үлкенді-кішілі азаматтарымен кеңесіп, ел арасындағы негізгі проблемалық мәселелердің төңірегінде ой қозғап, солардың шешілу жолдарын қарастырдық.
Партиялас үміткерлермен бірге тығыз байланыста бола отырып, өзімізге лайықты мәдени орта да қалыптастырып үлгердік. Алдағы уақыттарда біз бірлесіп, туған жерімізді түлетуге атсалысатын боламыз. Бұл іріктеу мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Аз уақытта қоғам үдерісіне деген жаңа көзқарасым пайда болды. Мақсатым айқындалды. Көшбасшылықтың тағы бір жаңа баспалдағына көтерілгендей болдым.
Праймериздің дауыс беру кезеңінде Шардарадаралық партияластарымның маған сенім артып, алдыңғы қатарға шығарғаны мен үшін үлкен маңызға ие.
Жастарға үлкен үміт сыйлап, жігеріне жігер қосып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, айқын бағыт беріп отырған “Nur Otan” партиясына, Шардара аудандық филиалының басшылығына және менің кандидаттығымды қолдап дауыс берген жанкүйерлеріме ризашылық сезімімді білдіремін.
Біз баршамыз бірге, жаңа әлемнің жаңа Қазақстанын қалыптастыруға өз үлесімізді қосып, еңбек етеміз дегім келеді. Халқымның алдында басым қашанда иулі.
Мөлдір Бақытжанқызы,
праймеризге қатысушы,
Түркістан облысы.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...