«Nur Otan» партиясы жаңа саяси технологиялық тәсіл – праймеризді қолданысқа енгізіп, үлкен саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыра білді. Ондағы мақсат – партия қатарын бастамашыл, іскер, саяси сауатты, қоғамда белсенді азаматтармен және жігерлі де, жалынды жастармен толықтыру болатын. Бұл мүдде толық орындалды деп ойлаймын.
Праймериз – жаңашыл тәсіл. Жаңашылдық пен жасампаздыққа ұмтылған «Nur Otan» партиясының осы тәсілді елімізде алғаш рет қолданысқа енгізуі өте құптарлық әрекет. Жаңа үрдістің алдағы саяси кезеңдерде де өз тиімділігін дәлелдейтініне сенімім мол.
Өзім праймеризге үміткер ретінде додаға түскен Арыс қаласында да партияішілік іріктеу сайлауы жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Қарсыластарымның осалы болмады. Бәрі де ел үшін аянбай тер төгуге бел буған білімді де, білікті, лайықты тұлғалар екені көрініп тұрды. Осы ретте маған ерекше сенім артып, қолдау білдірген арыстық партияластарыма айтар алғысым шексіз. Сіздер артқан үміттің арқасында саяси науқанда алғашқылардың қатарынан көріндім. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Ең бастысы – жерлестерімнің маған деген ыстық ықыластары мен сенім, үміттері мені алдағы уақытта да жігерлендіре түсетініне сенімдімін.
Менің алдағы мақсатым – Түркістан облысы мен Арыс қаласының экономикалық-әлеуметтік ахуалының одан әрі жақсаруына, халықтың тұрмыстық әлеуетінің артуына күш салу. Осы мақсат жолында білімім мен біліктілігімді, өмірлік тәжірибемді сарқи жұмсауға уәде етемін!
Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова,
праймериз үміткері.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...