Арыс қаласына қарасты «Арыс – Шардара» бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы ұзындығы 36 шақырым аумақтың жұмысы 2019 жылдың шілде айында басталып, ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталды. Аталған жол учаскесіне салқын ресайклерлеу әдісімен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бір қабат асфальтобетон жамылғысын төсеу және жолға таңбалау жұмыстары толығымен орындалған.
Жөндеу жұмыстарының сапасы техникалық қадағалаушы және Түркістан облысы филиалының «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК мамандары тарапынан тұрақты бақылауда болып, қадағаланды. Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін Арыс қаласының аумағындағы «Арыс-Монтайтас» бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль (КХ-92) жолының 8,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі