Елжанды, ұлтжанды мұндай жандар қандай құрметке де лайықты.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында Президентіміз Қ.Тоқаев арнайы Заң жобасын бекітіп, соғыс ардагерлеріне көптеген жеңілдіктер қарастыруы көңіл толқытты.
Мемлекетіміздің соғыс ардагерлерін әлеуметтік жағынан қолдауы, атап айтқанда бас пана, жер учаскесін алуда, денсаулығын түзетуде, сондай-ақ салық мәселесіне байланысты жасалатын жеңілдіктер Отан үшін жан аямай толарсақтан саз кешіп ел қорғаған батырларымыз үшін өте қажет деп ойлаймын.
Иә, Президентіміз тек соғыс ардагерлеріне ғана емес, еңбек, сондай-ақ өзге мемлекетт ерде жергілікті ұрыс қимылдарына қатысқан азаматтарға да бірқатар жеңілдіктер жасауды қолға алуы оңды болған. Өйткені, ол азаматтар өз дәуірінің ыңғайына қарай Отанымыз бен мемлекетіміз қандай тапсырманы мойнына жүктесе, соның үдесінен шыға білді. Ал, еңбек майданының алдыңғы шебінде елі жерін сүйген нағыз патриоттар жүреді. Елжанды, ұлтжанды мұндай жандар қандай құрметке де лайықты.
Бастарбек Пірімбетов,
мәдениет саласының ардагері.