Ардагерлердің ақ батасы – жарқын болашаққа бастайды!
Қазақ халқының өткеніне мән берсек, кел келген ел басшылары да, қарапайым халық та үлкенді, оның ішінде ел мен жердің тыныштығына, береке-бірлігіне мол үлес қосқан ардагерлерге зор құрмет көрсеткен. Тереңде жатқан тарихының тамырына байланған тәуелсіз Қазақ елі бұл үрдісті санадан сөндірмегеніне бүгінгі күні куә болып жүрміз.
Тура бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» жаңа Заң жобасына қол қойып, он күннен кейін күшіне енгізілетінін жеткізді. Бұл Заң аясында алдағы уақытта ардагерлерге деген құрмет пен қолдау арта түспек. Түрлі санаттағы ардагерлерге арналған үй, жер, денсаулық сақтау, жол жүру секілді салалардағы мүмкіндіктер мен жеңілдіктер қараша халықтың еркіндігі, жайбарақат өмірін сақтау жолында аянбай тер төккен қарттар үшін артықтық етпейді. Біз жыл өткен сайын азайып бара жатқан соғыс ардагерлерінен бастап, елге ерен еңбегі сіңген ерлерді құрметтей отырып, келешек ұрпақтың бойына сол ізгі қасиетті сіңіруіміз керек. Және ол текті жұртымыздың бойында бұрыннан бар асыл рухан қазына. “Батаменен ел көгерер” – дегендей, ардагерлердің ризашылығы мен ақ батасы – жарқын болашаққа бастайтынына сенемін.
Мейірхан ӘМІРҰЛЫ,
ардагер судья.