ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж.Қасымбек бастаған жұмысшы топ Арыс қаласында болып, ондағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Алдымен қаладағы 900 орынды жөндеу жұмыстары аяқталған С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде болды. Кейін құрылысы толықтай аяқталған 250 орынды Арыс қалалық орталық ауруханасына барды. Бүгінде Орталық аурухана толықтай заманауи жабдықтармен қамтылып, жөндеу жұмыстары біткен. Содан соң жұмысшы топ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының секторына қарасты тұрғын үйлермен танысты. Айта кетерлігі, Шымкент қаласына бекітілген секторға 450 жұмысшы мен 22 техника жұмылдырылған. Сол аймаққа қарасты 580 жеке үйл мен 6 көпқабатты тұрғын үйге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 570 жеке үй мен 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталған. Ал 10 жеке үй толықтай қайта тұрғызылып жатыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласына қарасты секторда 57 көпқабатты және 642 жеке тұрғын үй бар. Жеке тұрғын үйден 219-ында жөндеу жұмыстары аяқталып, 267-інде жұмыстар жүруде. 156 үй толық қайта салынуда. 1400 жұмысшы мен 100 техника жұмылдырылған.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...