Түркістан облысы Арыс қаласындағы орталық Әл-Фараби алаңында қала күні тойланды. Меркелік іс-шараға жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар және арнайы келген қонақтар қатысты. Бұл күні жарылыстан кейін қаланы қайта қалпына келтіруге үлес қосқан азаматтарға, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен дала еңбеккерлеріне «Еңбек даңқы» төсбелгілері табысталды. «Алғыс хат» пен «Құрмет грамотасымен» марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етті. Арыс аспанын әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, өнер иелері жиналған қауымға ән-биден шашу шашты. Сондай-ақ Арыс қаласында дәстүрге айналған «Алтын күз – 2019» жәрмеңкесі өтті. І-Арыс теміржол вокзалы алдындағы алаңшада шаруалардың өндірген өнімдері арзан бағада халыққа ұсынылып, көрме ұйымдастырылды. «Алтын күз – 2019» жәрмеңкесіне Ақдала, Байырқұм, Жиделі, Дермене, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер өздерінің өндірген өнімдерін халыққа базар бағасынан 20-30 пайызға төмен бағада ұсынды.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...