Арыс қаласы “Nur Otan” партиясының іс шаралар жоспарына сәйкес, Қожатоғай ауыл округі, Бұлақты елді мекен тұрғындарымен насихаттық кездесу өтті. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен және Арыс қаласы “Nur Otan” партиясының қаланы дамыту бойынша 7 бағыты таныстырылды. Таза сумен қамтамасыз ету мақсатында «Nur Otan» партиясы алдағы уақытта келесідей бағыттарды іске асырады:
– Қожатоғай ауылын көгалдандыру мақсатында ағын су жеткізу;
– 3 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына ықпал етеді. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 41,5 шақырымды құрап, 26 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі, бұл 99,3% құрайды.
– Ақдала елді мекенінен Арыс қаласына дейін жалпы ұзындығы 7,5 шақырым, диаметрі 700 мм магистральді су құбыры тартылады;
.- Ақтас елді мекеніне 4,5 шақырым су құбыры салынуына ықпал етеді;
– Қаланың жаңа көшелеріне 19,3 шақырым су құбыр тартылады ;
Осындай жоспарларды іске асыру нәтижесінде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі 99,3 % құрайтын болады. Кездесу барысында елді мекен тұрғындарының тарапынан елді мекендегі электрмен қамту жүйелері бойынша тілек-өтініштері тыңдалып, шешім табуды қажет ететін өзекті мәселелер назарға алынды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді