Сайлауалды бағдарлама бойынша “Арыс қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” ұжымымен кездесу және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтары және Арыс қаласы “Nur Otan” партиясының қаламызды дамыту бойынша 7 бағыты баяндалды. Сондай-ақ, осы басымдықтарды іске асыруда “Nur Otan”партиясының бес жылға арналған жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтыны айтылды. Атап айтсақ, “Nur Otan” партиясы 2025 жылға дейін қалада халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 40%- ға жеткізуді көздейді. Бұл үшін:
-Арыс денешынықтыру-сауықтыру орталығын салуға;
-Жалпы спорттық шаралар өткізуге;
-Жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
– 1 денешынықтыру-сауықтыру кешенін, 2 заманауи спорттық алаңшасын (Аққала елді мекеніне спорт алаңшасын салу) және 3 street workout алаңшаларын салуға;
-Ұлттық спортты дамытуға (110 қалалық, 15 облыстық, 3 республикалық, 2 халықаралық әр түрлі іс-шаралар өткізуге.Ұлттық спорт түрлерінен: қазақша күрес, тоғызқұмалақ және ауыр атлетика, бокс, футбол, еркін күрес, дзюдо) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін халықтың инфрақұрлымын қамтамасыз етілу деңгейі 40% – ға жетеді.
Кездесу соңында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы қызметкерлерінің тұрғын үй коммуналдық шарушалық, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау бағыты бойынша сұрақтарына жауаптар берілді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайтындарын айтты.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді