«Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Адамбеков Нұржан Әмірсейітұлы Арыс қаласы партияның іс-шаралар жоспарына сәйкес, Монтайтас ауылдық округіне қарасты Ақтас елді мекенінің тұрғындарымен насихаттық кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның адамдардың өмір сүру сапасын дамыту мен мемлекеттік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған партияның жеті басымдылығымен таныстырды: 1. Экономикалық тұрақты қала; 2. Ыңғайлы қала; 3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған қала; 4.Жастар қаласы; 5. Мәдениеті мен тарихы бай қала; 6. Ашық және есеп беретін органдар; 7.Қауіпсіз қала жобаларымен егжей-тегжей таныстырды.
«Nur Otan» партиясы алдағы уақытта келесідей бағыттарды іске асырады;
Таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында; 3 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына ықпал етеді. Қаланың жаңа көшелеріне 19,3 шақырым, Ақтас елді мекеніне 4,5 шақырым су құбыры салынуына; Қожатоғай ауылын көгалдандыру мақсатында ағын су жеткізу, Ақдала елді мекенінен Арыс қаласына дейін жалпы ұзындығы 7,5 шақырым,диаметрі 700 мм магистралды су құбыры төселуіне ықпал етеді.
Осындай жоспарларды іске асыру нәтижесінде орталықтырылған сумен қамтамасыз етілген тұрғындар үлесі 99,3%- ды құрайтын болады. Кездесу барысында елді мекен тұрғындарының тілек өтініштері тыңдалып,шешім табуды қажет ететін өзекті мәселелерді назарға алынды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді