Арысты қайта қалпына келтіру бойынша секторға бөлініп атқарылған жұмыстар аяқталып келеді. Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданына қарасты құрылыс нысандары толығымен аяқталып, арыстықтар қоныс тойын тойлауда. Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданына бекітілген қаладағы 13 –сектор жетекшілері салтанатты шара ұйымдастырып, Арысты қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыстарында елеулі еңбек еткен жұмысшылар мен белсенділер марапатталды. Салтанатты шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Федяев Антон мен Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, тұрғындармен кездесті. Әдімдік өкілдері тұрғындарды үйлеріне барып құттықтап, оларға тұрмыстық техника сыйға тартты. Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданына бірлесе отырып 13-секторға бекітілген 17 көшедегі 371 тұрғын үйдің жағдайын зерделеп, зақым келген 198 баспананың жөнделуіне күш салды. Сондай –ақ Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар рәсімдеу үшін де тиісті мамандар бөлініп, жұмыс жүргізілген. Бұл аумақ бойынша бір жолғы берілетін жәрдем ақы барлық 18 жасқа толған 954 тұрғынға банк карточкалары арқылы таратылып берілді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...