“Жолаушылар тасымалы” АҚ хабарлауынша, Астана-1 — Шымкент бағыты бойынша жүретін №176/175 пойызының маршруты ұзартылды, деп хабарлайды alashaqparat.kz ақпараттық порталы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұдан былай елордадан жаңа облыс орталығына дейін бір тәуліктен сәл астам уақыт ішінде жетуге болады. Атырау облысында пойыз астына түскен қыз аяғынан айырылды Елорда мен облыс орталығының мұндай келісім жасасуына Түркістанның шетелдік және қазақстандық туристер арасында кеңінен танымал екені себеп болған. Бірінші пойыз Астана-1 станциясынан 2 қараша күні шығып, ертесінде Түркістан теміржол вокзалына келеді. “Жолаушылар тасымалы” АҚ хабарлауынша, пойыз 1 646 километр жолды барарда 25 сағат 3 минутта, қайтар кезде 25 сағат 26 минутта жүріп өтеді. Осы екі аралықта қатынайтын пойызда он вагон болады. Олардың тең жартысы — купе, қалғандары — плацкарт. Маршрут Қарағанды, Ақадыр, Сарышаған, Шығанақ, Шу, Луговая, Тараз, Боранды, Түлкібас, Манкент, Шымкент және Арыс-2 станцияларынан жүріп өтеді.
ЖЕТІСАЙДА «ҚЫС – 2024» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Зілзала, от, топан су – тілсіз жау. Олардан кез-келген уақытта сақ әрі барлық жағдайда дайын болуымыз керек. Тұрғындар мен мекемелердің,...