Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша аудан активімен жиын өткізілді, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ ақпараттық порталы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ө.Алдамжаров Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы 6 тармаққа жеке жеке тоқталып, Жолдау аясында ауданда атқарылатын жұмыстарды баяндады. Елбасының Жолдауына қолдау білдіріп, насихаттауда ауданымыздың бірқатар азаматтары аудандық мәслихат депутаты, «Достық» өндірістік кооперативінің төрағасы Ашрафи Бадир Рахман-оғлы, Мыңбұлақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Тұрсынбеков Жұманәлі Қалдыбекұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дүйсенбеков Тұрсынәлі Қырғызәліұлы, №19 колледждің 2-ші курс студентті Тұрлыбай Ақерке Мұратқызы мінберге шығып, өз ойларын ортаға салды.
Актив жиынында аудан басшысы Бақытбек Танагөзов «Халық табысының өсуі», «Тұрмыс сапасын арттыру», «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру», «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат», «Тиімді сыртқы саясат», «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы» атты негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталды. Жиын соңында аудан әкімі Б.Танагөзов – «Жолдау алдымызға көптеген міндеттер жүктеп отыр. Оны жүзеге асыруға жұмылу баршамыз үшін басты міндет. Осы жолда жұмыла қызмет жасауға баршаңызды шақырамын», – деп қорытындылады.
Елбасының Жолдаудан туындаған міндеттерді талқылауға арналған аудан активінің жиынына аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан орталығындағы барлық мемлекеттік мекемелердің басшылары, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, саяси партиялар, Үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті баспасөз ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.