Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалында тұрғындармен жеке қабылдауы өтті, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ аталған департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басшының жеке қабылдауына алдын-ала жазылған Түлкібас ауданының тұрғындары қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
Сұрақтар негізінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын жартылай өзгертуді заңдастыру және «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі бойынша туындаған мәселелерге қатысты болды.
Департамент басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріп, Департаменттің барлық қызмет бағыттары бойынша кеңес беруге дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.
Естеріңізге салсақ, алдағы уақытта Департамент басшысының жеке қабылдауы «Skype» бейнебайланыс арқылы өткізілуі жоспарлануда.