Елбасының кезекті Жолдауын Кентау трансформатор зауытында 200-ге жуық адам өндіріс орнында тікелей эфирден көрді. Жұмысшылар Президенттің жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Сондай-ақ, облыстағы медицина саласының бірқатар өкілдері өз жұмыс орындарында Жолдауды көрсе, Түркістан қаласындағы педагогикалық колледжінде де арнайы көрсетілім ұйымдастырылды.
Әбді Жұмабай Ералыұлы – «Түркістан» гуманитарлық-техникалық колледжі директорының орынбасары
Гүлжан Құланова – қала тұрғыны
Бүгін әрбір қазақстандық үшін тарихи оқиға. Президент айтқан барлық бастама адами ресурсқа, қоғамға, азаматтардың әл-ауқатына бағытталған. Елбасы Жолдауында айтылған әрбір тармақ – егемен Қазақстанның қарқынды дамуына бағытталған тарихи іргетас. Өз кезегінде колледж мұғалімдері, студенттер, ақсақалдар және түрлі этнос өкілдері Елбасы Жолдауын тыңдап, өз ойларын ортаға салды.
Бибігүл Абдуалиева – «Түркістан» гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы
Мадияр Әліпов – Түркістан облысы әкімі аппаратының Бас инспекторы
Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасы артуы тиіс. Осы орайда Елбасының тың бастамасына облыс тұрғындары бір ауыздан қолдау білдірді.