Теріскей халқын 90 жылдықпен эстрада жұлдыздары да құттықтады, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
Биыл Созақ ауданына – 90 жыл. Жыл басынан бері белгіленген мереке 11-12 қазан күніне бекітіліп, түрлі іс-шаралар тізбегі жасалынды. Мерейтой құрметіне орай Созақ спорт комплекс алаңында Гала концерт болып өтті. Шараға аудан, облыс әншілерімен қатар Қазақстанға танымал эстрада жұлдыздары да өз үлесін қосты. Мадина Садуақасова, Жолбарыс Сейфуллин, Марқабат Бейсенбаева, Жұбаныш Жексенұлы секілді елге танылған бірқатар жұлдыздар да әсем әнмен көңілге қуаныш сыйлады.
Жұбаныш Жексенұлы, эстрада әншісі:
-Созаққа тек мереке де ғана емес, әр келгенде сағынышпен келеміз. Ауыл деген – балалық шағымыз, бала күнгі достарымыз, үйде күтіп отыратын отбасымыз. Туып өскен мекенге келу ол бір жағы “ностальгия”, бір жағынан қуаныш , бір жағынан алабыртқан көңілмен келу. Бүгін, міне, Созақ ауданына – 90 жыл, осында келіп ән айтып, халықтың алдына шығып өнер көрсетуіміз ол біздің перзенттік парызымыз. Созақтың аспанында ән қалықтасын. Созақ жасай берсін , дами берсін. Ауылға әр келгенде ауылдың керемет көркейіп жатқанын көріп қуанып жүре берейік.
Жолбарыс Сейфуллин, әнші:
-Биылдыққа 5 ші ауданды аралап отырмын. Бүгін ауданның 90 жылдығы тойлануда. Бұндай мереке керек. Елмен қауышу болып жатыр. Үлкен іс-шара деп есептеймін. Осы мерекені ұйымдастырып жатқан азаматтарға алғысымды білдіремін. Созақтың 90 жылдығы құтты болсын!