Бүгін Түркістан облысында мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен фракция мүшелері және басқарма басшылары қатысты. Фракцияны жаңадан сайланған жетекші Мұрат Төлтебаев жүргізді.
Мәжілісте ең алдымен депутаттар «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары ретінде Алмас Салимовты сайлады.
Күн тәртібіне сәйкес бірқатар мәселелерді, соның ішінде Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын және әкімдік жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту, алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау сынды түріл бағыттағы 26 мәселені қарады.
Жиында «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту» және «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдуллаев пен денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер жайында облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және құрметті азаматтардың тізімін ұсыну үшін облыс әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков арнайы баяндама жасап, сөз сөйледі.
Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынылған тізімде: Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлықпан Бәшенов — еңбек ардагері, Дүйсенова Тамара Босымбекқызы — «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы, Есенқарақызы Ханбибі — ақын, еңбек ардагері, Кирюхин Юрий — еңбек ардагері, Қожабаев Сайдулла Ілиясұлы — «Кентау трансформатор зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Миркадиров Мирильяз — еңбек ардагері, Нұржанов Омарбек — еңбек ардагері, Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы — Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-миниистрі, Тағаев Мұрат Құлмырзаұлы — «Ордабасы Құс» ЖШС бас директоры, Жылқышиев Байділда – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Төлендиев Бекасыл Расулұлы — «ART Құрылыс» ЖШС директоры, Тұяқбаев Марат Қымызұлы — еңбек ардагері, Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі, Тілеген Өстемір Тілегенұлы — еңбек ардагері, Үмбетаев Ибадулла — «Қазақмақта» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Шаля Анна Федеровна — ҰОС ардагері, Тәшімов Лесбек — Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессоры бар.
Фракция депуттаттары ұсыныстарды бірауыздан қолдады.
Сондай-ақ, жиынның тағы бір айта кетерлігі, депуттаттар халықтың мәселесін шешіп, әлеуетін жақсарту үшін енді мемлекеттік бюджетке еңгізуге қарамастан, қайырымдылық жасап жарыспақ.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...