Александр Николаевич Грищенко 1948 жылдың 01 шілдесінде Шымкент қаласында дүниеге келген.
Ол, 1970 жылдан бастап фотосурет өнерімен айналыса бастады.
Фотосуретшінің өңіріміздің табиғаты, мәдени және тарихи ескерткіштер бейнеленген жұмыстары Оңтүстік Қазақстанның сұлулығын таныстыратын альбомдар қатарына енді.
2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фото-байқауда бас жүлдені иеленді.
2013 жылы Нью – Йорк институтын қашықтықтан оқып, осы институттың түлегі және кәсіби фотографы ретінде танылып, халықаралық фотосуретшілер мүшелігіне қабылданды.
2017 жылы «35AWARDS» халықаралық конкурсының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік 50 фотосуретшілер қатарына қосылды.
Автордың фото жұмыстары әлуметтік желілерде, атап айтқанда «ФотоКто» сайтында (порталында) ерекше танымалдылыққа ие. 30-дан астам еңбегі осы әлеуметтік желіде ең танымал ТОП-10 жинағына енді.
Қазіргі уақытта А.Грищенко ТОО «Gift KZ» баспаханамен белсенді ынтымақтастықта. Осы баспахана фотосуретшінің жеке көрмесін өткізуге демеушілік жасап, қолдау көрсетіп отыр.
Түркістан: Республикалық байқауда «Рухани жаңғыру» аясында 2 жоба үздік атанды
Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық руханиятты көтеруге бағытталған жобалар байқауы өтті. Сайысқа 300-ге жуық жоба ұсынылып, 33 жоба үздік...