Түркістан облысы
Төлеби аудандық
мәслихатты депутаттығына кандидат
ДӘУРЕН ӘУЕСБЕКҰЛЫ ТҰРДАЛИЕВТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Төлебиліктер! Қадірменді сайлаушыларым!
Өзім мүшесі болып табылатын «NUR OTAN» партиясының идеологиялық бағыт-бағдары мен іс-тәжірибесін толықтай қолдай отырып, өзімнің Сайлауалды тұғырнамамды тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық даму мақсаттары мен партиялық бағдарламалық құжаттары негізінде әзірледім.
Алдағы бес жылдың ішінде «Қазақстан-2050» және Түркістан облысының даму стратегияларына үлес қосып, Төлеби ауданындағы еліміздің ертеңі болатын жастарды қолдап, орта және шағын бизнестің үлесін арттыруға атсалысып, осы ауданда тұратын халыққа қолымнан келгенше көмек беріп, олардың әлеуметтік және маңызды тұрмыстық мәселелерін шешуге бар күшімді саламын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында бірқатар ауқымды мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Президентіміздің салиқалы, сарабдал саясатының аясында Төлеби ауданындағы бірқатар мәселелерді шешуге шын ниетіммен атсалысамын.
«Нұр Отан» партиясының және әріптестерімнің маған артылған сенімдерін жоғары бағалаймын және менің сайлауалды бағдарламам тек уәдеден емес, нақты істерден тұрады сендіремін.
Басты мақсатым – Төлеби ауданын дамыту Концепциясын іске асыру, тұрғындарға сапалы әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға үлес қосу.
Сайлауалды міндеттерімде Қазақстанның тұжырымдамалық даму бағдарламалары, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің тұрақты және үдемелі дамуы, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын қалыптастыру жөніндегі бастамалары, Төлеби ауданын дамыту бағдарламасы, өзіндік мәдениеті мен салт-санасы қалыптасқан аудан ретінде, табиғи және туристік әлеуеті зор өңір ретінде таныту қамтылған.
МЕНІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Төлеби аудандық маслихатына депутат болып сайланған жағдайда:
«Нұр Отан» партиясынан кадрлық резервке үміткер ретінде, барлық жауапкершілігіммен тұрғындардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге толыққанды дайын екенімді мәлімдей отырып, келесі мәселелерді көтеруге және олардың шешілуіне қол жеткізуге міндеттенемін:
– Елбасының стратегиялық жоспарларын іске асыруға «Нұр Отан» партиясының алға қойған міндеттерін орындау мақсатында, азаматтардың әл – ауқатының бұдан әрі өсуін қамтамасыз етуге бар күш – жігерімді саламын.
– Төлеби ауданындағы округтердің инфрақұрылымын дамыту: елді мекендердің және ондағы көшелердің жарықтандырылуын жалғастыру;
– Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту: мәдениет нысандарын, жаппай тұрғындардың бос уақытын өткізуге арналған орындарды құру;
– Төлеби ауданының тұрғындары үшін барынша жайлы жағдай жасау: қазіргі заманға сай саябақтарды, балаларға арналған спорттық алаңдарды салу,
– Әлеуметтік тұрғын үйді ұсынуды кеңейтуге көмектесу, оның ішінде аз қамтылған отбасыларға, әлеуметтік саланың қызметкерлері үшін – мұғалімдерге, дәрігерлерге, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына жан-жақты қолдау көрсету;
– Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге демеушілерді тарту;
– Субсидия бөлу және оған қол жеткізу, оны біртіндеп сақтандыруға жауапты мамандармен бірлесе отырып, көмек көрсетемін.
– Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсетемін.
– «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында өз ауданымызды абаттандыру, тарихи орындарды қорғауды және еріктілер тобының жұмысын жандандыруды қолдаймын.
– Мектептердің материалдық – техникалық базасын қазіргі заман талабына сай жабдықтауға, мұғалімдердің жауапкершілігін және мәртебесін көтеруге, осы арқылы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие алуына ықпал етемін.
– «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасының іске асуына белсене араласып, партия беделін көтеру 2009-2015 жылдардағы қызметім мен жетістіктерімді ескере отырып, осы бағыттарда жұмыс атқару менің басты міндетім болып табылады.
Әрекет сенімнен тұрады. Мен Сіздерге сенім және Сіздермен біргемін!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР !
Мен алға қойған міндеттерді шешуге дайынмын, өздері үшін қаламыздың болашағы маңызды тұрғындардан шын жүректен қолдау күтемін. Мен ортақ күш сала отырып, Төлеби ауданымызды жақсарта алатындығымызға, тұрғындардың өмір деңгейін – жоғары көтере алатындығымызға сенемін!
Сіздердің қолдауларыңызбен мен біздің ортақ мәселелерімізді шешуге тырысамын.
МЕН СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІН!!!
Құрметпен, Дәурен Тұрдалиев