Түркістан қаласында Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен халықаралық форум өтті. Басты мақсат – жас журналистерді дайындауда оқу бағдарламаларын жетілдіру, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі.
«Журналистика бойынша білім беру бағдарламалар модельдері: кәсіби стандарттар интеграциясы» атты ІІ халықаралық журналистика форумына қатысқан ҚР Білім және ғылым министрінің PR кеңесшісі Майраш Тайкенова, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті, профессор Болатбек Абдрасилов, университеттің І-вице-президенті, профессор Женгиз Томар форумның жұмысына сәттілік тіледі.
Форумның негізгі бағыттары – журналистика бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту, медианарыққа маман дайындаудың практикалық құзыреттіліктері, студенттердің ой-өрісінің жаңа тәсілдері, журналистика кафедрасы оқытушыларының біліктілігін арттыру мәселесін ынталандыру және күшейту аясында жүргізілді.
Өзге де өзекті тақырыптарды қамтыған форумның жалғасы пленарлық отырысқа ұласты. Онда өзге елден келген ғалымдар мен БАҚ өкілдері бүгінгі күннің журналистикасы жайлы сөз қозғады.
Форумның қорытындысы бойынша, 2019 жылы журналистикалық білім беретін 29 кафедраға «Цифрлық медиа» бағдарламасы бойынша арнай оқу бағдарламалары ұсынылмақ.