Келес ауданының Абай ауылындағы мәдениет үиінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және Елбасымыздың алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету мақсатында жиын болып өтті, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынды Келес ауданының әкімі А.Есбаев ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, өкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, лектор Ж.Абишев жолдау бойынша баяндама жасады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Сарсенов, Өзбек мәдени бірлестігінің мүшесі Т.Халматов жолдауға байланысты өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ жиында аудан жастарының атынан аудандық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Э.Бектаев жолдауда Елбасымыз жастарға сенім білдіргенін айтып, Келес жастары жолдауды қолдайтынын білдірді. Пікір алмасып, сұрақ-жауап тыңдалып, сөз түйіндемесін облыстық маслихат депутаты Ж.Ағабеков жасады. Жиында сөз алған аудан әкімі Ақментай Үсенұлы – Ел тұрғындарының сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор екенін айта келе, жолдаудағы алға қойылған міндеттерді орындап, халыққа дұрыс насихаттау керектігін ескертіп, осы кездесуді ұйымдастырып, пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға өз рахметін айтып, жиынды аяқтады.