Бүгін ҚР Конституция күніне орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа пәтер иелерінің қуанышымен бөлісіп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, түркістандық отбасыларға пәтер кілтін табыстады. «Отырар» ықшам ауданында салынған көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр. Жаңа баспана иелеріне 5 қабатты 11 тұрғын үй берілді. Бір бөлмелі 165 пәтер, екі бөлмелі 165 пәтер және 3 бөлмелі 330 пәтер ел игілігіне беріліп, 660 отбасы қоныс тойын тойлады. Айта кетерлігі, пәтер иелері атанғандар – кезекте тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған және тұрғын үйге мұқтаж санатына жататын азаматтар. Қолданысқа берілген бұл көп қабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымдары толықтай ретке келтірілген. Пәтерлер талапқа сай жасақталып, әрленген.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...