«Бейбіт шерулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның жобасы қайта даярланып, оны талқылау қоғамның игілігіне берілуі – биліктің азаматтық қоғамның үніне құлақ асатындығын білдіреді. Ең бастысы заң баптарында еркіндік бар. Ойыңды ашық, анық, шынайы жеткізіп әрі оның жауабын есту үшін мүмкіндік берілген. Бұған дейін қоғам белсенділері әр аймақ, әр өңірдің жергілікті талаптарына бағынып келген болатын. Бұл заңның ерекшілігі сол, бейбіт жиын өткізудің барлық аймаққа бірыңғай ережесі бекітілген. Жалпы, бұл заңның қоғамға, адамдарға өз ойын жеткізу мәдениетін қалыптастыруға берері мол.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...