Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы Келес ауданның тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Alashaqparat.kz тілшісі.
Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Қаратаев Пахриддин Әбдінәбиұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын насихаттау бойынша арнайы келіп жиын өткізді.
Жиынға Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Алпамышов Алмас Журабекұлы, Келес ауданы әкімінің орынбасары Жаңбырбаев Абай Данабекұлы, Келес аудандық Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Оңғаров Шырынбек Сусынұлы сондай-ақ ауылдық округ тұрғындары қатысты.
Жиында Мәжіліс депутаты Пахриддин Қаратаев жастарды біліммен сусындатып, оларға бағыт-бағдар беретін ұстаздардың еңбегін жоғары бағалап, Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға шақырды.