• Latest
Наркенже СЕРІКБАЕВА, дәстүрлі әнші: Елдікіндей ағам, жұрттыкіндей жарқыраған байлығым жоқ шығар…

Наркенже СЕРІКБАЕВА, дәстүрлі әнші: Елдікіндей ағам, жұрттыкіндей жарқыраған байлығым жоқ шығар…

24/09/2020
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

29/05/2025
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

29/05/2025
ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

29/05/2025
Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

29/05/2025
Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

29/05/2025
Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

Түркістан облысында көне темір жол вокзалдары жөндеуден өтеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданында Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті

29/05/2025
Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

Қазығұрт ауданының әкімі өңір тұрғындарымен кездесті

29/05/2025
ТҮРКІСТАНДА ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

29/05/2025
ТҮРКІСТАН: САУРАН СЕКТОРЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАН СЕКТОРЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

28/05/2025
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

27/05/2025
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru
Sunday, June 1, 2025
1 °c
Shymkent
Алаш ақпарат
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Туризм
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
No Result
View All Result
Алаш ақпарат
No Result
View All Result

Наркенже СЕРІКБАЕВА, дәстүрлі әнші: Елдікіндей ағам, жұрттыкіндей жарқыраған байлығым жоқ шығар…

24/09/2020
in Мәдениет
0
Наркенже СЕРІКБАЕВА, дәстүрлі әнші: Елдікіндей ағам, жұрттыкіндей жарқыраған байлығым жоқ шығар…
751
SHARES
2.1k
VIEWS

«YouTube» видео хостингінде бейнежазба астындағы  пікірлерді оқығанды жақсы көремін. Әншілердің миллиондап ақша жұмсаған клипін сынаған халықтың ойына шошынатынмын. «Қазаққа не жағады осы?» деп таңданамын. Жақында әніне бірде –бір жағымсыз коммент жазылмаған әншіні тауып қайран қалдым. Көп қаражатсыз, ақ дастархан басында ән шырқап отырған Наркенже Серікбаеваның үні құлақ құрышымды қандырды. Күміс көмей, жез таңдай әнші деген сипат Наркенжеге арналғандай, сірә! Шырпыдай тынып тыңдаған халықтың ықыласын көріп қуандым. Әлі де көңілі әнді ұғатын ел екенбіз… Жүректің сөзін жүрекке мөрлеп айтатын Наркенжемен сөйлеспекке қамдандық. Клипке милиондап қаржы салмаса да, ән үшін жанын салатын әншінің әлеміне бірге саяхаттайық!

​​

– Жетістік дегенді қалай түсінесіз? Өзіңізді саналы өмірінде жетістікке жеткен адаммын деп бағалайсыз ба? – Жетістік – арманның өміріңе ойысуы. Барлық мұрат-мақсатыма талмай қанат қағып жетіп жүрмін. Уақыты мен бақыты қатар адам болу – жетістік. Мен бақыттымын! Одан асқан жетістік жоқ шығар? – Жасыратыны жоқ,  әннің құны түскендей. Мәнсіздік өрістеді. Сіздің талғам таразыңызда қандай әндер елге жетуі тиіс? – Ел есінен шығуға айналған есті әндерді елге жеткізгім келеді. Ұлттың бояуын, интеллектін терең сіңірген әндерді ұлттық кодта сақтасам деймін. Дәстүрді жаңғыртуды мұрат еттім. Сөз – кие, ән – аманат. Өткен жақсылардың болашаққа айтар үнін сақтасам деймін. Тыңдарманға айтар ойы бар, мұраға асыл ойды қалдырған әндерді шырқаймын.  – Мұхтар Шаханов айтпақшы, «жоғалтудан, iздеуден және табудан тұратын» мына өмiрде не жоғалттыңыз, не таптыңыз, не iздеп жүрсiз?

– Жоғалтқан ештеңем жоқ деп ойлаймын. Сахнаға кеш шықтым.  Кішкене уақыт жоғалтқан болармын. Өнер өлкесінде кеш танылуыма себеп те жоқ емес. Он бір перзенттің кенжесімін. Отбасымда маған қолдау көрсетерлік керемет жағдай болмады. Алланың қолдауымен, «жетсем» деген мұратымнан танбадым. Қызығы мен қиындығы қатар уақытты артқа тастап сахна төріне көтерілдім.  Өнер адамы болған соң, ізденетін дүнием көп. Мұхтар ағаның «Өнер адамы ізденбесе, келе-келе көрерменге айналады» дегені бар. Сол сөз маған алға жетелейтін компастай әсер береді. Көрерменге айналмау үшін, тыңдарман жоғалтпау үшін ізденемін. Өмірде үміт арқалаған перзент, аяулы жар, ана болдым. Өнердің парқын білетін халықтың сүйіспеншілігіне бөлендім. Он үш конкурстың лауреатымын. Қайсыбірін айтайын, бастысы – болмысынан бақыт тапқан адаммын! – Сізді түбі сахнаға шығуыңызға сендірген қандай үміт? –Табанды мінезім мақсатымды өзгертпеуіме сеп болды. Ес білген шағым, 8-9 сыныпта ән айтып теледидарға шыққан балаларды көрсем, кеудеме өксік тығылатын. Бәйге аңсаған қаңтарулы жүйріктей көзімнен жас парлайтын. Баланың табанындағы жара ананың маңдайына қадалады ғой. Әкем жантәсілім еткен шақ еді. Анам: «Қолымда ештеңем жоқ, болса да,  сені сахнаға жеткізер жолда барымды аямас едім, балам!»,- деп жігер сыйлайтын. Менің бойымдағы дарынды қор етпеу үшін де тыңдарманыма ән жеткізгім келді. Мен – Наркенже, елдікіндей ағам жоқ шығар, жұрттыкіндей жарқыраған байлығым жоқ шығар, әуелі Алланың арқасында жетсем деген мұратым арқылы тыңдарманыммен қауыштым! – Шәкәрімнің «Ән – өлшеуіш, өлең – күміс, Қоспаңыз мыс аралас» дегенінен асқан әнге сын жоқ шығар. Наркенженің үнінде ескен өр мінез, өктемдікті қалай қорғайсыз? Дауысыңызды қалай күтесіз, жаныңызды қалай сақтайсыз осы?

– Ән жүрекпен шырқалса, әуезді үнді мінез көмкере түседі. Өр мінез қанымда бар. Өрлік жұқпа мінез емес, тума мінез. Оны сақтауға тырыспаймын.   Жан әлеміңдегі барыңды, қиындығыңды, қуанышыңды әнге бояу еткенің  – жүрекке жеткізетін жол. Әнді жүрегіме енгізіп орындағандықтан, тыңдарманға өрлік байқалар.  Даусымды күту үшін мұздай су ішпеуге тырысамын. Өлең айтып отырып шай ішпеймін.  Кейбір адамдар жұмыртқа жұтып күтінетінін айтса таң қаламын. Менде ондай дағды жоқ. Ең маңыздысы – деннің саулығын сақтау.  Жан бақшасын абаттандыратын кекшілдік пен өкпешілдіктен ада болу  ғой. Бұл сезімдерден өзімді аулақ ұстаймын. Ешкімге ренжімеймін, ешкімді ренжітпеймін. Сөзге таласып, ұрыспаймын. Адам тозаңдай нәрсеге ренжісе де, жаны құлазиды. Мен мұны ескеремін. Өзінің жаны тыныш адам, жан-жағындағылардың тыныштығына зауал келтірмейді.  Жанымды жақсы күтуге тырысамын! – Сіз үшін өнер иесі қол жеткізе алатын ең маңызды құндылық не? – Тыңдарманын табу. Жадыда қалу. Сахнаға шығар жас көп. Халық ұмытпастай даралықпен тарихта қалатындар аз. «Наркенже» десе, дәстүрлі әнші ойға оралғанын қалаймын. Өр мінезім, үнімдегі бояу – ел есінде қалса екен деймін.  – Дарын туыла ма, қалыптаса ма? Сізді дәстүрлі әншілікке жетелеген қандай мақсат? – Дарын туылады. Дарынның қаншалықты қалыптасатындығы жөнінде сөз қозғай алмаймын. Әкенің қанымен, ананың сүтімен дарын дүниеге келеді. Әкем Абдолла Серікбаев жыршы болған адам. Әкем қайда барса да соңынан қалмайтынмын. Әкем «аманбысың, Қазақстан аймағым» деп жырлап отырғанда аузым ашылып тыңдайтынмын. Соның әсері болар мен алты жасымнан бастап ән сала бастадым. Негізі менде музыкалық білім жоқ. Осыны айтсам жұрттың бәрі таңғалады. Олардың таңғалғанына мен де қайран қаламын. Бұл қазақтың қанында бар дүние ғой. Әрине, арнайы білімің болғаны жақсы. Қазақтың қара қызы қара домбырамен ән салғанға таңырқайтын күнге де жетіппіз-ау деп ойлаймын кейде. – Бірде желіде қызыңызға арнаған жазбаны көзім шалды. Қашан да қолдайтыныңызды жеткізіпсіз.  Жүрекке жылы тиді. Ата-ананың балаға берер ең үлкен мұрасы не деп ойлайсыз?

– Теледидардың алдында жылап отыратын қиялшыл қыздың арманы орындалды. Бұрын отбасымның менімен мақтанғанын қалайтынмын. Аллаға шүкір, он бауырымның мақтанышымын. Ақ жүріп, адал тұрудан асқан арман бар ма? Елдің есіне есті әндерді жаңғыртуды аңсаймын. Руханиятқа қызмет еткім келеді.  – Сізді таңертең оянуға итермелейтін күш? – Таланттардың танылғанына жол ашқым келеді. Дәстүрлі ән мектебін ашуға ниеттеніп жүрмін. Талай өскіннің кеудесіндегі арман отын маздата алатыным ертеңгі күнге артқан үмітімнің жүгін арттырады. Зейнолла Қабдоловтың: «Талант дегеніміз 2 пайыз, 98 пайыз – еңбек», дегені бар. Таланттың еңбегіне дем беріп, шеберханамда шыңдағым келеді.  –Риясыз әңгімеңізге рақмет, ескінің есті үнін әлемге жеткізуіңізге тілектеспіз!  Наркенженің үнін естісем, Әміре Қашаубаевтың «Алтын қорда» сақталған әнін жаңа тыңдағандай сезімде боламын. Ұлтқа қызмет ету мінезден туады. Мені танымаса да, асқан ықыласпен тыңдады. Қарапайым қалыпта.  Таза мінсіз асыл тастың су түбінде жатпасы нық. Наркенже өнердің сафтығын сақтау жолында жүрген жан екенін ұға түстім.

Сұхбаттасқан Балерке ӘСІЛХАН

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «ПРАЙМЕРИЗ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ БАРЛЫҚ ТӨРАҒА ТІРКЕЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫ: ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУ ДҰРЫС ШЕШІМ БОЛДЫ

Related Posts

Түркістан: Республикалық байқауда «Рухани жаңғыру» аясында 2 жоба үздік атанды

Түркістан: Республикалық байқауда «Рухани жаңғыру» аясында 2 жоба үздік атанды

by Алаш Ақпарат
08/02/2022
0

Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық руханиятты көтеруге бағытталған жобалар байқауы өтті. Сайысқа 300-ге жуық жоба ұсынылып, 33 жоба үздік...

ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

by Алаш Ақпарат
08/12/2018
0

Түркістан облысында «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері», «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты екі кітап жарық көрді, деп...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ АРАСЫНДА ЕТ АСУДАН САЙЫС ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ АРАСЫНДА ЕТ АСУДАН САЙЫС ӨТТІ

by Алаш Ақпарат
29/11/2018
0

Бүгін Шымкент қаласында тұңғыш Президент күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер арасында дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі болып өтті,...

КЕЛЕС ХАЛЫҚ ТЕАТРЫ ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ

КЕЛЕС ХАЛЫҚ ТЕАТРЫ ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ

by Алаш Ақпарат
28/11/2018
0

Түркістан облысы Келес ауданының мәдениет үйінің 40 жылдық мерей тойы тойланды, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ тілшісі. Келес ауданының мәдениет үйінде Келес...

Next Post
ТҮРКІСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫ: ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУ ДҰРЫС ШЕШІМ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫ: ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУ ДҰРЫС ШЕШІМ БОЛДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Соңғы жаңалықтар

  • Trending
  • Comments
  • Latest
АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР «ОБЛЫС ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

20/03/2021
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

20/03/2021
ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

ПАНКРАТИОННАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІ ӨТТІ

20/09/2021
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

0
Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

Түркістан облысында 5 мыңнан астам түлек 100 баллдан жоғары жинаған

0
Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Отырарда Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

0
Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

29/05/2025
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

29/05/2025
Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

29/05/2025
Алаш ақпарат

"Алаш ақпарат" ақпараттық агенттігі.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен тіркеуден өткен. Куәлік нөмірі №16956-ИА.
"Alash group" ЖК меншігі.
Бізбен байланыс: alashaqparat@mail.ru

Пайдаланушылық келісім

Біз жайлы

Байланыс

ZERO.kz

Қазығұрт ауданында Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдау басталды

Қазығұрт ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Қазығұрт ауданының басшысы оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

Қазығұрт: Аудан басшысы өңір жастарымен кездесті

Қазығұрт ауданында жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

11

Айдарлар

  • Алаш (5)
  • Ауыл шаруашылығы (42)
  • Білім (21)
  • Дін (2)
  • Жастар (7)
  • Жаңалықтар (1,907)
  • Мәдениет (55)
  • Саясат (18)
  • Спорт (35)
  • Туризм (29)
  • Энергетика (4)
  • Қауіпсіздік (5)
  • Қорғаныс (2)
  • Қоғам (3,476)
  • Әлем (1)
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Ережелер
  • Байланыс
  • alashaqparat@mail.ru

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

!!
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Алаш
  • Қоғам
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Дін
  • Туризм

Copyright © 2017 Алаш ақпарат.

Login to your account below

Forgotten Password?

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

You cannot copy content of this page