Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов 7 тұрғынды қабылдады. Тұрғындардың басым бөлігі білім саласындағы мәселелер бойынша шағымданды.
Келес ауданынан келген Ж.Абдраймов мектептен ал, кентаулық А. Тойбекова балабақшадағы жұмысынан заңсыз шығарылғанын айтып арызданды. Сәкен Қалқаманов екі тұрғынның мәселесі бойынша тексеру жүргізіліп, заңсыздық анықталса, олардың жұмысқа қайта орналасатынын мәлімдеді. Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевқа нақты тапсырма берді.
Қоғамдық қабылдауға Кентау қаласынан келген бір топ тұрғын өздері жұмыс істейтін балабақшаның жеке меншікке өтіп кету қаупі бар екені жөнінде арызданды. Облыс әкімінің орынбасары мәселені сол арада шеше білді. Кентау қаласы әкімінің орынбасарына хабарласып, балабақша ғимаратын ретке келтіріп, жөндеу туралы тапсырма берді. Биыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат жеткіліксіз болғандықтан ағымдағы жөндеуден өтеді. Ал келесі жылы күрделі жөнделек.
Түркістандық ұстаздар Г.Абдурахманова мен Н.Қозыбақова жаңа мектепке ауыстырылуына байланысты сағат жетіспей жатқанын айтты. Мұғалімдердің мұңына құлақ асқан С.Қалқаманов бұл білім ұясында тексеру жүргізіліп, аттестациядан өткен ұстаздар заңға сәйкес сағатына ие болатынын жеткізді. Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізеді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...