“Есіктен есікке” акциясы аясында Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Динашова, Қ.Әділбеков, Н.Байғозиев, Е.Төребеков, Е.Құрбанбаев үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, сайлаушылардың ұсыныс-пікірін тыңдады.
Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында 71 елді мекеннің 36 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни 50,7%-ды құрайды. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 35 елді мекен, оның ішінде 4 елді мекен экономикалық жағынан тиімсіз шалғайда орналасқан. Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 480,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде ауылдық елді мекендері – 310,1 шақырым (37,2 ш.қ. немесе 12%-ның сумен жабдықтау желісі тозған), Сарыағаш қаласында 170,4 шақырым (56,7 ш.қ. немесе 33,2%-ның сумен жабдықтау желісі тозған). 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Сарыағаш қаласының ауыз су жүйелерін қайта құруға, 2025 жылға дейін 31 ауылдың тұрғындарын кезең-кезеңімен сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге күш салады. Атап айтқанда 2021 жылы Жаскешу, Атамекен, Тегісшіл, Мәдениет, Көктөбе-Телемұнара елді мекендерін; 2022 жылы Береке, Бостандық, Әлімтау, Жаңатұрмыс, Сарысу, Дербісек, Шайхана, Нұрауыл, №3 ферма, Қызыласу, Жайдаққұдық, Көктал, Жылға елді мекендерін, 2023 жылы Ақниет, Қанағат, Жонарық, Жылға, Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе, Сарқырама, Ақжар, Қабыланбек, Жаңақұрылыс елді мекендерін; 2024 жылы Шеңгелді Тасқұдық, Ақүй, Достық елді мекендерін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Сайлаушылар бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын көз жеткізген тұрғындар, алда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беретіндерін жеткізді.