Бүгін “Nur Otan” партиясы Түлкібас аудандық филиалының ғимаратында ауданның мәслихат депутаттығына үміткер Кузембаева Аксұлу Шаменқызы мүмкіндігі шектеулі жандармен “Nur Otan” партиясының Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Өз сөзінде кандидат халықтың күнделікті өмір тіршілігін, көкейіндегі мазалаған сұрақтарын айтты. Пандемия сынды сынақты бірлесіп жеңуге шақырды. Мүгедек жандардың күнделікті мазалаған ойлары мен туындаған мәселелері бойынша ой бөлісті! Сонымен қатар жиынға қатысқан азаматтарды 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Түлкібас ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді