ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Ордабасы аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ALASHAQPARAT.KZ аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке қабылдауға Ордабасы ауданының алдын-ала жазылған 4 тұрғыны өз сұрақтарын қойды. Сұрақтар негізінен мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала жүйесінің енгізілу тәртібі, мемлекеттік қызмет өткеруге және мемлекеттік қызметке орналасуға қатысты қойылды.
Сондай-ақ, жеке қабылдауға Шұбарсу ауылының тұрғыны А.А.Бекбулатова арнайы келіп, мемлекеттік қызмет көрсету барысында бірқатар мәселелер туындағанын, сол мәселеле бойынша Департаменттен түсіндірме алғаннан кейін, қызмет нәтижесіне қол жеткізгені үшін алғысын білдірді.
Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріп, Департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде әрдайым ашық екенін жеткізді. Бұған қоса, қабылдауға келген азаматтарға Департамент тарапынан «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.
Айта кетсек, а.ж. 31 қазанда Департамент басшысының жеке қабылдауы алғаш рет «Skype» бейнебайланысы арқылы өтіп, бұл жұмыстар алдағы уақытта ай сайын жалғасатын болады.