Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Жомарт Нұрғалиұлы пайдаланылмай жатқан және мақсатынсыз пайдаланып жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстарын үйлестіру жөніндегі шұғыл мәжіліс өткізді.
Мәжіліс барысында 2018-2019 жылдар аралығында аудан аумағында пайдаланылмай жатқан және мақсатынсыз пайдаланып жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға бағытталған іс-шараларының нәтижесі мен олармен атқарған жұмысы және пайдаланылмай жатқан жер иелеріне қолданыстағы Салық кодексінің талаптарына сәйкес жер салығының базалық мөлшерлемелерін он еседен асырмай арттыру мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, аудан прокуроры қадағалау аумағындағы пайдаланылмай жатқан және мақсатынсыз пайдаланып жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға бағытталған жұмыстардың баяу жүріп жатқандығын атап өтті.
Шұғыл мәжілістің нәтижесінде аудан прокуроры осы тектес жиындар алдағы уақытта да өткізілетінін мәлімдеді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...