Түркістан облысында 53 мыңнан астам партия мүшесі праймеризде дауыс беріп үлгерді. Оның ішінде партия праймеризінің барлық кезеңінде Келес ауданындағы «нұротандықтар» да белсенділігімен көрінді. Үгіт-насихат кездесулері түрлі форматта ұйымдастырылса, жария пікірсайыстар да тартысқа толы болды.
Онлаин дауыс берудің бірінші күні Келес ауданы бойынша 3029 партия мүшесінің 1528-і дауыстарын берді. Ал бүгін дауыс бергендер саны 2600-ден асты. Яғни, 2 қазан, сағат 20.00-дегі мәлімет бойынша Келес ауданында партия мүшелерінің 90 пайызы дауыс беріп үлгерді. Жалпы ауданда 12 бастауыш партия құрамында 3 мыңнан астам «нұротандық» бар. Аудан көлемінде 11 дауыс беру орны дайындалған.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...