Бүгін “Nur Otan” партиясы Кентау қалалық филиалының кезектен тыс XL конференциясы өтті. Конференция күн тәртібіне сәйкес партияның қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, пікірсайысқа қатысушыларға дауыс берілді. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітіліп, Түркістан облыстық партия филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.
Жалпы Кентау облысымыздағы ең ірі әрі тұрғын саны көп қалалардың бірі болғандықтан мұнда өзекті мәселелер де аз емес. Дебатқа қатысушылар осы түйткілдерді тарқатып, шешу жолдарын ұсынды. Әсіресе жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту мәселелері сөз болды.
Конференцияға қатысушы 68 делегат пікірсайысқа түскен 14 кандидатқа дауыс берді. Тиісті квотаға сәйкес, 7 үміткер жоғары дауыспен облыстық тізімге өтті. Осыған қарап Кентау қаласындағы маслихат құрамы түбегейлі өзгеретіні аңғарылады.
Конференцияны партияның қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Даурен Махажанов қорытындылап, қалалық сайлауалды штаб төрағасын және оның орынбасарларын таныстырды.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...