Сайыпқырандар көкпар, бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атудан сынға түсетін болады. Аталған жобаның идея авторы ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Нұрсұлтан Ибрагимов мәлім етті.
Оның айтуынша, 2018 жылдың 13-15 шілде аралығында республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалінің алғашқы жарыстары оңтүстік аймағында өтеді.
«Айтулы шараның ашылу салтанаты кезінде оңтүстік аймақтың жеребесі тайқазан ішіне салынған теңге орамалдар арқылы анықталды. Оңтүстік аймағына Қызылорда облысы, Жамбыл мен Түркістан облысы және Алматы қаласының командалары іріктелді. Осы төрт өңірдің спортшылары Шымкент қаласында көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атудан жарысқа қатысады. Әуелі «Құлагер» атшабарында 48 спортшы қатысып, көкпардан жеңімпаз команда анықталады. Ал Ә.Юсупова атындағы көркем гимнастика залында қазақ күресінен 8 салмақ бойынша 32 балуан бақ сынаса, асық атудан 12 мерген өзара жүйрікті анықтайды. Сондай-ақ, Шымкент қонақ үйінде тоғызқұмалақшылар арасында жарыс өтеді. Жалпы оңтүстік аймақтағы іріктеу жарысына 160 спортшы қатысады деп күтілуде», – деді Нұрсұлтан Ибрагимов.
Бұдан өзге, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілуден жарыстар Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында өтеді. Бұл дүбірлі додада 5 салмақ бойынша 20 балуан арасында аударыспақ алыптары, құралайды көзге атқан 12 жамбышылар мергендері және желден жүйрік 12 теңге ілушілер арасында мықтылар анықталады.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің кубок, медальдарымен марапатталады.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...