Сарыағаш ауданында ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз-2019» мерекесі аталып өтті. Оған шаруалар мен дихандардан бөлек ауылшаруашылық саласының ардагерлері, еңбек озаттары қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі М.Отаршиев: Бүгінгі таңда аудан экономикасының негізгі тірегі ауыл шаруашылығы саласы болып отыр. Сондықтан ауыл шаруашылық саласын дамытуға жылдан-жылға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жоғары нәтижелерге қол жеткізудеміз. Осы жеңістердің барлығы диқаншылар Сіздердің ала жаздай еткен еңбектеріңіздің нәтижесі екенін атап өтіп, жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген шаруаларды арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сондай-ақ салтанатты шараға, аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, ауданның ауыл шаруашылығы саласында сіңірген еңбектері мен жоғарғы деңгейдегі атқарылған жұмыстары үшін дихандарды және осы салада қызмет атқарып жүрген мамандарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты іс-шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының ән-шашуымен жалғасын тапты.
Биылғы жылы аудан диқаншыларының қаржылы еңбегінің нәтижесінде ауданда ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 66 млрд 695 млн. теңге болып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,9 пайызды құрап отыр. 2019 жылы аудан бойынша 65 594 гектар жерге егіс егіліп, бүгінгі таңға осы егіс алқаптарында өндірілген өнім толық жинап алынды.
Сонымен қатар, биыл ауданымыз егін және мал шаруашылығы саласында облыс көлемінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...