Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Шорнақ, Қарашық және Жүйнек ауылдық округтерінде “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы” аясында, Еңбек бағыты шеңберінде “Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері” бойынша және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шаралары бойынша енгізілген өзгертулерге және грант беру қағидасына халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндіру үшін Сауран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, Сауран аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің маманы Б.Мейрамбек, Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкері Ж.Сайлау, Атамекен кәсіпкерлер палатасының Сауран аудандық филиалының директоры Жасұзақ Алмас қатысты.
Аталған шараға ауыл жастары және тұрғындары белсенді қатысты. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша сұрақтар қойылып, біздің тараптан толыққанды жауаптар берілді. Алдағы уақытта ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде жалғасатын болады.