Сондай-ақ, олар жолдың сапасына 5 жыл мерзімдік кепілдік беріп отыр. Жалпы, осы жылдың наурызында басталған жұмыс үстіміздегі жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып қойыпты. Ал бұл жобаның жалпы сметалық құны – 1,3 млрд.теңгені құрайды.
Арман Әбдіхалықов, «Корпорация «Береке» ЖШС-нің маманы: «Жолдың ұзындығы – 11 шақырым, ені – 8 метр болады. Қалыңдығы – 26 см. Ал сапасы – 3-деңгейлі жол. Түркістан облысында мұндай жол жаңа технологияның көмегімен алғаш рет төселіп отыр. Екі жағынан тағы да жолаяқтар үшін жер қалдырамыз».