Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Мырзатаев Шалқар Бауыржанұлы тағайындалды.
Шалқар Бауыржанұлы Шымкент қаласы әкімінің Астанадағы өкілі болып қызмет атқарады.
Катаев Нұржан Жолымбекұлы «Ордабасы» футбол клубының президенті қызметіне тағайындалды.
Нұржан Жолымбекұлы еркін күрестен бернеше рет Азия және Республика чемпионы атанған, Республикаға Еңбегі сіңген бапкер.
Сонымен қатар, бірқатар басқарма басшылары тағайындалды:
Жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып Агибаев Жәнібек Есенұлы тағайындалды. Бұған дейін Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған;
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Аманқұлов Нұрлан Әмірбекұлы тағайындалды. Бұған дейін Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған;
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып Дүйсенов Берік Тастанбекұлы тағайындалды. Бұған дейін Түркістан облысының осындай басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған;
Білім басқармасының басшысы болып Абылайхан Ақерке тағайындалды. Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған;
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы лауазымына Қаныбеков Асқар Сәкенұлы тағайындалды. Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде департамент директорының орынбасары қызметін атқарған;
Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Қалтаев Жандос Тулембекұлы тағайындалды. Бұған дейін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының Қазақстан Халықтары Ассамблея хатшылығының басшысы қызметіне Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы тағайындалды. Соңғы 4 жыл бойы Түркістан облысы әкімі аппаратының Қазақстан Халықтары Ассамблея хатшылығының басшысы қызметін атқарған.