12 қарашада Түркістан облысы, Созақ ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының XXXVII конференциясы өтті. Маңызды жиында дауыс беруге 36 делегат қатысты.
Конференцияға партия филиалы төрағасы Салыхан Полатов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Олар: «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту; Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну; Созақ аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту; «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды.
Пікірсайысқа 4 кандидат түсті. Олардың басым бөлігі білім саласының өкілдері болғандықтан бағдарламалары да бір-бірімен мәндес болды. Дебатқа қатысушылар пандемия жағдайында білім беру саласын жүйелеу, мұғалім мәртебесін көтеру, білім ұяларындағы қағазбастылық пен есептілікті азайту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен бірге әлеуметтік жағдайды жақсарту, жұмыссыздықты азайту бағытында да ой қозғады.
Тиісті квотаға сәйкес, делегаттардың таңдауымен 2 үміткер жоғары дауыс жинады. Атап айтсақ, Айсұлу Ұлымбаева 33, Дайырбек Оспанов 25 дауыс жинады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚОС НЫСАН АШЫЛДЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып,...