Бүгін Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ бейнеконференц байланыс арқылы аудан/қала әкімдері қатысты.
Жиында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы шешіміне сәйкес, қайта құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басты миссиясы – ел игілігі үшін сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу екендігі атап өтіліп, барлық бастамалар әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтары негізінде жүзеге асырылатыны жеткізілді.
Комиссия мүшелеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірегей коммуникациялық формалық стилі, яғни аталған үш құндылық негізінде әзірленген Агенттіктің елтаңбасы мен логотипі таныстырылып, олардың мән-мазмұны кең көлемде түсіндірілді.
Сондай-ақ, бүгінгі күні басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге емес, алдын алуға аударылып жатқандығы ескертіліп, аталған бағытты күшейту мақсатында Агенттікте үш жаңа департаменттің (Превенция, Парасаттылық, Серіктестік) құрылғандығы хабардар етілді.
Жиын соңында комиссия мүшелері мен оның отырысына қатысқан барлық мекеме басшыларына арнайы әзірленген Агенттіктің жаңа имиджі туралы ақпараттық кітапшалар таратылды.