Түлкібас жерінде Алаштың айбыны Тұрар Рысқұлов, батыр-қолбасшы Бауыржан Момышұлы, қоғам қайраткері С.Терещенко, белгілі жазушы-журналист Шерхан Мұртаза, филология ғылымының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, қарымды қаламгер Мархабат Байғұт тағы басқа да тұлғалар туылған қасиетті мекен.Торқалы 90 жылда аудан айтарлықтай мол жетістікке жетті. Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан.
Мерейтойда «Батыс Европа- Батыс Қытай» автодәлізі бойында орын тепкен қоғам қайраткері Т.Рысқұлов ескерткішінің алдында ат басын бұрып келген қонақтарды аудан әкімі Н.Тұрашбеков қарсы алып, ыстық ықыласын білдірді. Жиналған қауым белгілі қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бәйдібек ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мемлекет қолдау көрсетіліп келеді
Түркістан облысындағы агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдауларды түсіндіру барысында арнайы жұмысшы топ Созақ және Бәйдібек аудандарына барды. Кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы...